Құранның сирек кездесетін нұсқасы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құранның сирек кездесетін нұсқасы

Құранның сирек кездесетін нұсқасы

Семейде Құранның сирек кездесетін нұсқасы мұражайға табыс етілді. Көлемі сіріңкенің қорабынан аспайтын қасиетті кітаптың шағын үлгісін 100 жыл бойы сақтаған қала тұрғыны оны ақыры мұражайға табыстаған.

  • 25 Ақпан 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Мұражайға келушілердің көңілін аударған дәл осы жәдігер екен. Ұлғайтқыш құралсыз ондағы жазуларды оқу мүмкін емес. 19-шы ғасырда мұндай ықшамдалған Құранды жұрт бір-біріне тарту еткен. Бүгінге дейін жеткен қасиетті кітаптың беттері сарғайып қалса да, төте жазумен таныс адам сүрелерді еркін оқи алады. Мұражайға кітапты табыс еткен қала тұрғыны өзі де күнде келіп, оған көз салып кетеді екен.