Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салынбақ

Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салынбақ

Владимир Жириновский, РФ мемлекеттік Думасының депутаты:

-Никаких республик в Средней Азии. Среднеазиатский федеральный округ – главный город Верный! Сегодня у него чужое название Алмата – мой родной город. Это придумали Узбекистан, Киргизия, Таджикистан, Туркмения, Казахстан. Среднеазиатский федеральный округ.

Алматыда туып, осы  жердің нанын жеген Жириновскийдің кезекті мәлі

  • 25 Ақпан 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz

-Никаких республик в Средней Азии. Среднеазиатский федеральный округ – главный город Верный! Сегодня у него чужое название Алмата – мой родной город. Это придумали Узбекистан, Киргизия, Таджикистан, Туркмения, Казахстан. Среднеазиатский федеральный округ.

Алматыда туып, осы  жердің нанын жеген Жириновскийдің кезекті мәлімдемесі, елімізде үлкен наразылық тудырды. Қарапайым тұрғындар мен саясаткерлер Ресей Думасының депутатын «жағымсыз тұлға» деп танып Қазақстанға кіргізбеуді талап етіп жатыр. Өйткені, ол бөгде мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіретін мәлімдеме жасады. Қоғамдық пікірдің қыспағынан соң, еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Жириновскийдің сөзін түсіндіруді сұрап  Ресейге наразылық нотасын жолдамақ.


Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Осыған орай біз РФ Сыртқы Істер министрлгігі атына ресми нота әзірледік. Қазіргі таңда Қазақстан республикасының Сыртқы Істер министрлігі  Жириновский мырзаға қатысты дипломатиялық сипаттағы арнайы шара қолдану мүмкіндігін қарастыруда.