Себебі монополистер жарық, жылу, газ бен суға коммуналдық ақыны көтергенімен, қызмет көрсету сапасын жақсартуға ақша шығармайды. Сондықтан президент бағаның өсуінен түскен пайданың қайда жұмсалып жатқанын тексеруді талап етті. Сондай-ақ, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімін қабылдап, бас қаланың даму қарқынымен танысты. Иманғали Тасмағамбетов тұрғын-үй, мектеп пен балабақша тапшылығын жою үшін атқырылып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. Ал Елбасы Елордаға құйылған қаржының қайтып жатқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Елордасы болып түгел орнықты. Өндіріс өсті. Салған ақша қайтып жатыр бюджетке. Мемлекетімізде үлкен Елорда Астана пайда болды. Енді осыны әрі қарай әдемілеп, ішін сыртын барлығын жөндеп халықтың тұруына қолайлы жағдай жасап, «Экспоға» дайындалуымыз керек.
Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:
-2020 жылға дейін 100 балабақша салынатынын болады. Сондықтан осы әлеуметтік мәселе балалардың балабақшаға баруы, мектепке баруы бірте- бірте шешіліп келе жатыр.