Бұл пәтер иелері коперативі төрағасын тағынан тайдырамаққа шығып, өзара жаға жыртысуға дейін барған элиталық үйдің тұрғындары. Бәрі де Байболат Тайкбановқа ашулы. Төраға ай сайын түрлі сылтаумен ақша жинап жұртты әбден мезі етіпті.
Талабы елден ерекше төрағаға көпшіліктің ашуланатындай жөні бар. Байболат Тайкбанов бұл үйдің тұрғындарын жаппай, яғни көлігі барларға да, жаяу жүргендерге де мына паркингке ай сайын 6200 теңге салық төлеуге міндеттепті. Осылайша автотұрақтың тазалығына, жарық пен күзетке деп әр пәтерден жылына 4 миллионға жуық теңге жинап алады екен.
Андриян Тоқтамысов, Астана қаласының тұрғыны:
— Паркингті сатып алдық 2 млн. 500 теңгеге. Налогын төлейміз. Соған тағы 6200 салық төлейміз ай сайын мәжбүрлеп жүр төлеуге.
Бұдан бөлекпәтер иелері коперативінің басшысы коммуналдық төлемдер мен үйді күтіп-ұстауға деп тағы да бөлек ақша жинайды. Ең қызығы қаржының бәрін төраға қолма қол санап алып отырған. Ал, үйге кіретін сыртқы есіктерді бекітіп, адам жүретін жерді де жалға беріп жіберген.
Шолпан Белесбекова, Астана қаласының тұрғыны:
-Бұл біздің кіріп-шығуымызға салынған есік. Міне, осы есікті біреуге сатып жіберген бе, әлде жалға берген бе, жауып тастаған. Енді біз үйімізге паркинг арқылы кіруге мәжбүрміз.
Алайда,төрағаның өзі жұртқа жала жапты. Тарифтерге белгіленген бағада мін жоқ деп бет бақтырмай отыр.
Байболат Тайкбанов, Пәтер иелері кооперативінің төрағасы:
-Тарифке сіздердің көңілдеріңіз толмайды. Бірақ біз орташа баға белгіледік. Мәселен, 600 пәтері бар үйлерде арзан болуы мүмкін, ал не бары 149 пәтерлі үйлерге бұдан артық жеңілдік жоқ.
Тұрғындар төрағаның жаттанды жауабына бұл жолы жұбана қоймады. Пәтер иелері коперативі басшысының жылдар бойы заңсыз әрекетін тексеруді талап етіп, жиын үстінде құзырлы органдарға арыз жазды. Сөйтіп, кет дегенде кетпеген Тайкбановты масқарамен қуып шықпақ.