Мәжіліс спикері жолдауды қалай түсіндіргені жайлы Елбасыға есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері  жолдауды қалай түсіндіргені жайлы Елбасыға  есеп берді

Мәжіліс спикері жолдауды қалай түсіндіргені жайлы Елбасыға есеп берді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин президентке қол жеткізген рекордтары жайында әңгімелеп берді. Бүгін Ақордада Елбасыға есеп берген  спикер депутаттардың табысты жұмысына да көбірек тоқталды.

  • 26 Ақпан 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz


Алдымен мәжіліс төрағасы жақында аймақтарға жасаған сапарлары туралы баяндады. Президент жолдауын түсіндіру үшін  халық қалаулылары  тұрғындармен  мыңнан астам  кездесу өткізген.  Ал төменгі палата қабылдаған заң рекордтық көрсеткішке тең. 5-ші  шақырылымның депутаттары  300-ге жуық заң қабылдап қолданысқа енгізген.  Баяндама жетістікке толы болғасын ба, Елбасы ескерту жасаған жоқ. Керісінше  спикерге бірқатар міндеттер жүктеді.