Барахолканы өртегендер ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолканы өртегендер ұзақ мерзімге  сотталуы мүмкін

Барахолканы өртегендер ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Ал Барахолканың өртенуіне себепкер болғандар 7 жылға қамалуы мүмкін. Бүгін атақты Алматы базарының бірінші өртіне қатысты іс сотқа жетті. Күдікті ретінде екі азамат жауапқа тартылмақ.

  • 26 Ақпан 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz


Өрт былтыр қыркүйек айында болған. Тілсіз жау 5 мың шаршы метр аумаққа таралып, «Олжа», «Аян» және «Керемет» базарларындағы 300 бутикті күлге айналдырған-ды. Кәсіпкерлерді миллиондаған шығынға батырды. Кейін барахолкадағы алапат өрт бірнеше рет қайталанды. Енді, міне, осы оқиғаға қатысты істің алғашқысы сотқа жетіп отыр. Қыркүйектегі бірінші өрт қасақана қойылмаса да, жалынның тұтануына сондағы бір саудагердің айбасыз әрекеті себеп болған. Сондай-ақ, «қауіпсіздік ережесін сақтамады» деген айыппен «Олжа» базарының директоры да жауапқа алынбақ.