Шекарашылар мінген ұшақтың апатқа ұшырауына диспетчер кінәлі ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  Шекарашылар мінген ұшақтың апатқа ұшырауына диспетчер кінәлі ме?

Шекарашылар мінген ұшақтың апатқа ұшырауына диспетчер кінәлі ме?

Алдағы сейсенбіде яғни 4 наурызда  Шымкентте шекарашылар мінген әскери ұшақтың апатына қатысты сот процесі басталады. Айыпталушы орындығында жалғыз адам.

  • 26 Ақпан 2014
  • 276
Фото - Caravan.kz


Тергеу мәліметтеріне қарағанда шекарашылардың өмірін жалмаған апат «Қазаэронавигация» мекемесінің диспетчері Қанат Ақылбековтің қателігі себеп болған. Әуе қозғалысының қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған қызметкердің кесірінен экипаж биіктікті анықтай алмай жерге соғылыпты. Алайда, 6 жыл өзі де әуе диспетчер болып істеген Ақылбековтың адвокаты мұны «жала» деп отыр. Онысын енді сотта дәлелдемек. Ал 30 жастағы айыпталушының өзі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен әзірге бостандықта жүр. Әуе апаты 2012 жылдың 25-ші желтоқсанында болған. Астана-Шымкент бағытымен келе жатқан АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Шекара қызметінің бастығы бар 20 лауазымды әскери мен экипаждың 7 мүшесі қаза тапқан-ды.