– Көпірдің астынан машина өте алмай жатыр қазір.
— Ей!
— Не,ей?
— Дұрыстап сөйле. Жүрсей, жұрттың барлығы жүр ғой. Сенің үйің, керек болса өзің істеуің керек оны.
Еріген қар суы басып қалған ауыл тұрғындарымен осылайша сөйлескен Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаев бүгін облыс әкімінен сөгіс алып тынды. Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың көмексіз қалмайтынын жеткізді. Шығын көлемін енді арнайы комиссия анықтамақ. Қазірше түрлі жөндеу жұмыстары атқарылуы тиіс 40-қа жуық үй есептелген. Ал өңірдегі шенділердің барлығына жағдай тұрақтанғанша еңбек демалысына шықпай, су деңгейінің көтерілмеуі үшін алдын-алу жұмыстарын жасау керек.
Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:
–Зиян тиген екі үйді су басып кеткен, ішінде мүгедегі бар екен. Оған бюджеттен тыс мүмкіндіктерді пайдалана отырып, көмек жасалынсын. Ал біздерге актімен барлығын бітірген соң заң талабына сәйкес ұсыныстар берсеңіз барлығын шешіп береміз.