Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

 Ақорда ұлттық қауіпсіздік  жоспарына шұғыл өзгеріс енгізді. Бүгін президент барлық күш құрылымдарының жетекшілерін шұғыл жинап, Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. IT-технологиялар арқылы жүргізілетін арандатулар мемлекеттегі тұрақтылыққа сызат түсіруі мүмкін.  Сондықтан Елбасы жауапты органдардан аса сақ болуды талап етіп, кез-келген қатерге тосқауыл қоюды тапсырды.   

  • 27 Ақпан 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Өзіміз көріп отырғандай, бүгінгі күні конституциялық құрылым, егемендік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы жаңа деструктивтік ықпалдарға ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан өте қырағы және мұқият болуға тиіс. Біз ешқандай  ойластырылмаған «бұралаңдарға» жол бермеуге тиіспіз. Халқымыздың әл-ауқатын біртіндеп жақсартып және экономиканы дамыта отырып, бұрынғыша орнықты ілгерілей беруіміз қажет.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздік жоспарына шұғыл өзгерістер енгізілетінін айтты. Өйткені күнде өзгеріп жатқан әлем  осыны талап етіп отыр. Ал күш құрылымдарының басшылары ақпараттық технологиялардан төнетін қатермен күресте ширақ болуы қажет. Сондай-ақ, жиында «Экспо-2017» көрмесі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің қалай қорғалатыны кеңінен сөз болды. Президент бұл жерде әлемдегі озық тәжірбиені қолдануды жүктеді. Бұл үшін  Ішкі Істер министрі жетекшілік ететін арнайы штаб құрылады. Ал ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан, отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында жалғасты.