Елімізде жалпыреспубликалық «Қазақ елі» қозғалысы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жалпыреспубликалық «Қазақ елі» қозғалысы құрылды

Елімізде жалпыреспубликалық «Қазақ елі» қозғалысы құрылды

Бүгін Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында жалпыреспубликалық «Қазақ елі» қозғалысының тұсауы кесілді. Қозғалыс белсенділерінің айтуынша, бірлестіктің құрылуына Украинада болған жағдай мен жуырда теңге бағамының түзетілуі кезінде елімізде орын алған түсініспеушіліктер себеп болыпт

  • 27 Ақпан 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


«Қазірде Қазақстан тұрақтылық пен тыныштықтың, бейбітшілік пен дамудың кішкентай аралы іспетті. Айналамыздағы елдерде түрлі оқиғалар болып жатыр. Сондықтан біз өзіміздің артықшылығымызды бағалай білуге тиіспіз», — дейді қозғалыс белсендісі Серік Кенжебаев.
Оның айтуынша, қозғалыстың негізгі мақсаты қазақстандық банктердің тұрақсыздығы жөнінде таратылған жалған смс-хабарламалардың халық тыныштығын бұзуына қарсы тұру. Сондай-ақ, азық-түлік, жанармай бағасының, валютаның айырбастау бағамының қымбаттауы сияқты үдерістерді қоғамдық бақылауға алу болып табылады.
«Қозғалыс жұмыс аясында баға мониторингі бойынша мобилді топ құрады. Барлық жауапкершілікті Үкіметке арта салуға болмайды, оларға көмектесіп, елімізде болып жатқан жағдайлар туралы уақтылы ақпараттандырып тұру қажет», — дейді белсенді.
С. Кенжебаевтың айтуынша, теңге бағамы түзетілуінің себебі мен салдарын түсіндіру жұмысындағы олқылық қоғам арасында түсініспеушілік пен үрей тудырды. Сондықтан қозғалыс мүшелері зейнеткерлермен, жастармен және қоғамның басқа да өкілдерімен бейресми түрде кездесу өткізуді жүйелі түрде қолға алады.
Айта кетейік, қозғалыстың аты Қазақстанды «Қазақ елі» деп өзгертуге байланысты Президент Н. Назарбаевтың ұсынысымен еш қатысы жоқ.