Сенаторлар үкімет басшысынан Владимир Жириновскидің Қазақстанға кіруіне тыйым салуды сұрауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар үкімет басшысынан Владимир Жириновскидің Қазақстанға кіруіне тыйым салуды сұрауда

Сенаторлар үкімет басшысынан Владимир Жириновскидің Қазақстанға кіруіне тыйым салуды сұрауда

 Сенат депутаты Орынбай Рахманбердиев үкімет басшысы Серік Ахметовке Владимир Жириновскидің республика аумағына кіруіне тыйым салу туралы сауал жолдады.

  • 27 Ақпан 2014
  • 657
Фото - Caravan.kz

Депутаттық сауалға тағы алты сенатор қол қойған.

«Серік Нығметұлы, бұдан былай Қазақстан Республикасының аумағына Владимир Жириновскиді жолатпау жөнінде тапсырма беруіңізді және еліміздің ақпараттың кеңістігін мұндай арандатушылық мәліметтер қорғауды сұраймыз», — деп ол бүгін Астанада сенат отырысында үкімет басшысына сауал жолдады.

«Ортаазиялық федералдық округ туралы сөздер Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзге елдерінің егемендігіне, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығыга қолсұғушылық ретінде қабылданады. Парламенттік партия лидерінің мұндай мәлімдемесі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық сипатқа сәйкес келмеуімен қатар, халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен қағидаларына қайшы келеді», дейді депутат.

«Жириновскийдің бұл айтқандарының Қазақстан аумағында да көрсететін "Россия 24" ресми телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілуі жұртшылықтың наразылығын туғызады. Сондықтан қоғамымыз телеарнаның бұл ұстанымын ресейлік тараптың ресми ұстанымы ретінде қабылдауы мүмкін», дейді сенатор.


Жириновский мырзаның кейінгі кездері бірнеше рет елімізге қатысты тіл тигізуі екі көрші мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығына ғана емес, Ресейдің өзінің халықаралық ұстанымына да нұқсан келтіреді.