Бейсенбі күні «Интерфакс» агенттігінің редакциясына келіп түскен мәлімдемеде В.Янукович: «Өкінішке орай, қазір Жоғарғы радада болып жатқан әрекеттер заңсыз сипатқа ие» делінген.
Оның айтуынша, қазіргі таңда парламент қабылдаған шешімдер заңсыз. Өйткені, олар Аймақтар партиясы мен өзге де фракциялардың өз өмірі үшін қауіптенген немесе соққыға жығылып, Украина аумағынан кетуге мәжбүр болған мүшелерінің қатысуынсыз қабылданып жатыр.