Қарағандыда курсант бесінші қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда курсант бесінші қабаттан секіріп кетті

Қарағандыда курсант бесінші қабаттан секіріп кетті

Қарағандыда әскери училищенің курсанты бесінші қабаттан секіріп кетті. Өзіне "қол салмақ болды" делінген ол ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түскен. Бірақ 16 жастағы Шыңғыс Амангелдиновтың ата-анасы баласының мұндай қадамға бармайтынына сенімді.

  • 28 Ақпан 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz

Бозбаланың жамбасы бірнеше жерден сынып, далада көп жатып қалып, аяқтары үсіген. Жансақтау бөлімінде екі күн жатып, қазір палатаға ауыстырылғанымен, есін еміс-еміс біледі. Күәгерлердің айтуынша, оқиға оқу орнында емес, курстасының үйінде болыпты. Себебі кеш келген оларды кезекшілер казармаға кіргізбеген. Кейін үйде отырғанда әлденеге ашуланып, балконнан секіріп кетіпті. Бірақ ата анасы ұлдарының өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Өйткені курстастарының берген түсініктемелері бір-біріне кереғар. Полиция енді бозбала есін жиғасын тергеуді бір-ақ бастамақшы.


Аманбек Жасаров, Шыңғыстың әкесі:

-Ұлым орнынан тұрып кінәлі адамдарды тауып берсе болды маған. Мына кісіге бір жарым жыл бұрын баламды тапсырып беріп едім аппақ қағаздай қып. Бізді көргенде жылайды,  котеторынан қан ағып жатыр. Сен секірдің ба десе, жоқ мама депті де есінен таныпты. Мен өзім білем ғой , ойына да келмейді оның суидцид жасау деген.