Енесін қылқындырып өлтіріп, қомақты қаржыны ұрлап кеткен келіні 14 жылдан кейін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енесін қылқындырып өлтіріп, қомақты қаржыны ұрлап кеткен келіні 14 жылдан кейін ұсталды

Енесін қылқындырып өлтіріп, қомақты қаржыны ұрлап кеткен келіні 14 жылдан кейін ұсталды

Кабардин-Балқар Республикасының Лескен ауданында тергеушілер 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты.

  • 7 Шiлде
  • 10
Фото - Caravan.kz

2012 жылдың маусымында Хатуей ауылындағы жеке үйлердің бірінен 75 жастағы зейнеткер әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған. Үйден 157 мың рубль (900 мыңнан аса теңге) жоғалып кеткен. Ол кезде күдіктіні анықтау мүмкін болмай, іс уақытша тоқтатылған еді. Алайда тергеу жұмыстары толықтай тоқтамаған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жылдар өткен соң Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасының криминалистері іс материалдарын қайта қарап, марқұмның отбасы мүшелерінің, әсіресе келіні мен сол кезде 8 жаста болған немересінің бұрынғы жауаптарына күмән келтірген.

Есейген немересі тергеуде жаңа мәлімет беріп, анасының өзіне «әжеңнің бөлмесіне кіргенімді көрмедім деп айт» деп өтірік айтуға мәжбүрлегенін жеткізген.

Осыдан кейін тергеушілер жүргізген жауап алу барысында 44 жастағы әйел кінәсін толық мойындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол енесімен арадағы ұзаққа созылған жанжалдың салдарынан оны тұншықтырып өлтірген. Кейін жертөледе жасырылған 157 мың рубльді алып кеткен.

Күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.