— Өрт шыққан қоймада азық-түлік, түрлі техника мен арақ-шарап сақталыпты. Өрт ғимараттың ішінен шыққан. Қазір шатыры да алаулап жанып жатыр. Ғимараттың ішінде адамның болғаны, болмағаны әзірге белгісіз.
Бір анығы өрт мұндағы жұмысшылар түстік асқа кеткенде тұтанған. Үлгергені дүние-мүлігін құшақтай сыртқа қашыпты.
-Өрттің қалай шыққанын түсінбей қалдық. Бір қарасақ түтін көкке көтеріліп жатыр екен. Бірден далаға шықтық.
-Заттарымыздың барлығы іште қалды. Енді кіре алмай сыртында күтіп тұрмыз.
Аузы мұрны тола қойма ішіне құтқарушылар жете алар емес. Тілсіз жау тұтанған аумақта бір емес, бірнеше ірі қойма орналасқан екен. Әрқайсысы түрлі алып компанияларға тиесілі. Тауарлардың ендігі түгі қалмаған. Жан-жағы темірмен қапталғанмен, шатыры ағаштан болып шықты.
Ералхан Әділбеков, Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары бастығының орынбасары:
-Астында темір болғанымен арасында қуыс болғаннан кейін өрт сол ағаштың арасымен жанып төбеден қиындық келтіріп отыр. Ал былай өрт сөндіру мөлшеріне жетті.
База енді қолдануға жарамсыз. Өйткені, өрттен тек қаңқасы қалды. Төтенше жағдайлар қызметі тауарлар 100 пайыз жанып кеткенімен, бірде бір жұмысшының зардап шекпегенін айтады. 2 мың шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. Шығынның мөлшері де есептеліп жатыр.