Еліміз аумағындағы жолдарда елу шақты көлік қар құрсауынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз аумағындағы жолдарда елу шақты көлік қар құрсауынан босатылды

Еліміз аумағындағы жолдарда елу шақты көлік қар құрсауынан босатылды

Өткен тәулікте қазақтандық құтқарушылар жолда қар құрсауында қалып қойған 56 автокөлік пен 172 жолаушыны құтқарды.

  • 28 Ақпан 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz

ТЖМ хабарлауынша, қары қалың Алматы облысында Талдықорған-Көксу тас жолында 38 көлік тұрып қалған. Көліктер облыстық ТЖ департаментінің көмегімен жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында да бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойған. Оларға да көмек көрсетілді. Жолаушылар дін-аман.