Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2010 жылы тамыз айында облыс аумағындағы ауылдардың бірінде болған. Ішімдікке сылқия тойып алған ол көршісінің үйіне барған. Отағасының ұйықтап жатқанын көргеннен кейін бөлмеде жалғыз өзі отырған 7 жасар қыздың абыройын аяқ-асты еткен.