Елімізде сәбилердің шетінеуі біршама төмендеді - Денсаулық сақтау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сәбилердің шетінеуі біршама төмендеді - Денсаулық сақтау министрі

Елімізде сәбилердің шетінеуі біршама төмендеді - Денсаулық сақтау министрі

Елімізде  сәби шетінеуі азайып келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтт

  • 28 Ақпан 2014
  • 460
Фото - Caravan.kz

Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі маңызды көрсеткіштерінің бірі бала шетінеуін төмендету болып саналатындығын баса айтқан министр: «2008 жылдан бергі көрсеткіштердің төмендеу қарқынын ескерер болсақ, онда біз 2018 жылға қарай Еуроодақ көрсеткіштеріне қол жеткізетін боламыз әрі біздің көрсеткіш  мың туылған балаға 3,5-ті құрайды», — деді.


Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, 2007 жылы республикада дүние есігін ашқан мың сәбидің 14,7-сі шетінейтін.

«Бұл ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш болатын», — деген министр өткен жылы бала өлім-жітімінің көрсеткіші 11,3-ті құрап, біршама төмендегенін жеткізді.