Кеден органдары 2013 жылы 645 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеден органдары 2013 жылы 645 қылмыстық іс қозғады

Кеден органдары 2013 жылы 645 қылмыстық іс қозғады

2013 жылы кеден органдары 645 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлад

  • 28 Ақпан 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, өткен жылғы 12 айда Қазақстан Республикасының кеден органдары 645 қылмыстық іс қозғады. Жедел жағдайға және кеден ісі саласындағы қылмыстарды анықтау фактілеріне жүргізілген талдау ашылған қылмыстардың 436-сы экономикалық контрабандаға, 57-сі айналымнан алынған заттардың контрабандасымен байланысты қылмыстарға, 29-ы кедендік салықтарды төлеуден жалтаруға жататындығын көрсетті.


«Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар сомасы 10,8 млрд. теңгені, келтірген залалдардың сомасы — 5,6 млрд. теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 245 келіге жуық есірткі заттары алынды, оның ішінде 38 келіден астамы — героин», — делінген хабарламада.