Е.Досаев: Инфляция өсімін ұстап тұру шаралары қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Досаев: Инфляция өсімін ұстап тұру шаралары қабылданады

Е.Досаев: Инфляция өсімін ұстап тұру шаралары қабылданады

2014 жылдың мамырына дейін реттелетін қызметтер тарифі мен құны қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті.

  • 28 Ақпан 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Теңге бағамына түзету жүргізуді ескере отырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін инфляция өсімін ұстап тұру бойынша шаралар қабылданатын болады», — деді Е.Досаев.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсіміне жол бермеу үшін оның шекті мәні мен бөлшек саудадағы рұқсат етілген шекті көлемі бекітілген.

«Сондай-ақ тұрақтандыру қорларындағы өнімдерді пайдалану арқылы тауарлық интервенция жүргізу бойынша жұмыстар жандандырылатын болады», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, тарифтердің өсіміне жол бермеу үшін реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті үлесі мен бағалар 2014 жылдың ішінде 1.2 пайыздық  тармақ деңгейінде болады. Яғни, 2014 жылдың мамырына дейін реттелетін қызметтерде жаңа тарифтер мен бағалар енгізілмейді.