«Тойbeststar»: Әнші Сәкен Майғазиевке келін таңдамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тойbeststar»: Әнші Сәкен Майғазиевке келін таңдамақ

«Тойbeststar»: Әнші Сәкен Майғазиевке келін таңдамақ

Қазақстанның ең танымал тележурналистері ертең «Тойbeststar»-ға қонаққа келеді. Басты мейман - еліміздің тұңғыш дикторы Тыныс Өтебаев.

  • 1 Наурыз 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz


КТК көрермендерінің тарихи тұлғаның әуезді дауысын көгілдір экраннан тағы да бір мәрте тыңдауға мүмкіндігі бар. Тойдың көркін әріптесіміз Дина Төлепберген де қыздыра түспек. Танымал тілші бұл күні бұзақыларға тойтарыс берудің, яғни төбелестің сан түрлі тәсілдерін үйретеді. Той қонақтары, сондай-ақ, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевқа жабылып, келін таңдайтын болады. Ендеше, аптаның нағыз қызығын жіберіп алмаңыз. Ертең кешкі 19.45-те КТК арнасынан «Тойbeststar»-ды тамашалаңыз!