Атырауда жоғалған бала үсіп өлген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жоғалған бала үсіп өлген

Атырауда жоғалған бала үсіп өлген

Атырауда 5 күн бұрын із-түзсіз кеткен баланың денесі табылды. 7 жасар Аманбектің үсіп кеткен мәйітін аудан орталығынан 20 шақырым жерден осы маңдағы мұнай компаниясының жұмысшылары тауып алған.

  • 1 Наурыз 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Есік алдына ойнауға шығып кеткен баладан туыстары көз жазып қалған. Өз беттерімен іздегенімен, түк шықпай, ақыры тиісті орындарға хабарлады. Сол күні ит жетектеген баланы түзде мал іздеп жүріп көргендер бар екен. Айтуларынша, айқайлап шақырғанымен қашып кетіпті. Кейін үйге иттің өзі ғана оралған көрінеді. Ал іздеу шараларына тіпті тікұшақ та тартылған болатын. Арнайы топтар аудан маңындағы иесіз қалған қыстақтар мен ой-шұңқырларды түгел тінтіп шығыпты. Бірақ, баланың денесі бесінші күні ғана табылып отыр. Болжамдарға қарағанда, үсіп өлген.


Сәлімғали Салықбаев, Атырау облыстық ТЖД бөлім бастығы:

-Бірінші қараған көзге ешқандай жарақат алмаған. Сондықтан  оны  «салқындықтан қайтыс болған» деп есептеп отырмыз.  Қазіргі кезде анықтау жұмыстары мақсатында денесі аудандық ІІБ тапсырылды.