Қоғам белсенділері Ресей елшілігінің алдында наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қоғам белсенділері Ресей елшілігінің алдында наразылық білдірді

Қоғам белсенділері Ресей елшілігінің алдында наразылық білдірді

Жириновскийдің мәлімдемесі төңірегіндегі дау тынышталар емес. Бүгін бір топ адам Астанадағы Ресей елшілігінің алдына келіп  наразылық білдірді. Бірақ, қоғам белсенділерінің қарсылық акциясын полицейлер аяқтатқан жоқ.

  • 1 Наурыз 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

Наразы топ бұрынғы Ресей империясының туын жағып жібермек болды. Алайда, жанармайға малынған жалауды өртеуге оқталған 2 азаматты дереу полиция сүйреп әкетті. Қалғандары Ресей президенті Владимир Путинге жазылған хатын елшінің жеке өзіне тапсырғысы келген. Бірақ, ол шықпай, көмекшісін жібере салыпты. 16 бірдей қоғамдық ұйымның мүшелері қол қойған хатта, Путиннен Қазақстанның тұтастығына қауіп төндіретін мәлімдеме жасаған Жириновскийді мемлекеттік дума депутаты мандатынан айыру сұралған. Ал хатты қабылдаған елшілік қызметкері, оның межелі жерге жететінін айтып сендірді.


Мақсат Нұрыпбаев, «Қазақстан жастары» республикалық бірлестігінің төрағасы:

— Егер РФ президенті бұл мәселеге жоғары деңгейде мән бермейтін болса, бұл Ресей Федерациясының "ресми ұстанымы" деп бағалайтын боламыз.