Бахрейндегі бірінші бұрылысқа Шумахердің аты беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бахрейндегі бірінші бұрылысқа Шумахердің аты беріледі

Бахрейндегі бірінші бұрылысқа Шумахердің аты беріледі

Бахрейн жүлдесін ұйымдастырушылар жолдың бірінші бұрылысын «Формула-1» жарысының жеті мәрте жеңімпазы Михаэль Шумахердің атымен атайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды F1News.

  • 3 Наурыз 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz


Осыдан он жыл бұрын неміс автошабандозы аталған жолдың жобасын, оның ішінде алғашқы бұрылысын салуға өзі қатысқан.

«Шумахердің отбасы Бахрейндегі халықаралық автодромға Михаэльдің автоспорттағы еңбегін елегені үшін алғысын білдіреді. Менің ойымша, Михаэльдің өзі де бұны мақтан тұтар еді», — дейді спортшының менеджері Сабине Кем.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 45 жастағы Михаэль Шумахер екі айдан бері ес-түссіз жатыр. 29 желтоқсанда ол Францияның Альпі тауларында сырғанап жүргенінде тау шаңғысынан құлап, басына аса ауыр зақым келген болатын. Қазір әлемнің ең танымал автошабандозы Гренобльдағы ауруханалардың бірінде жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, қабылдап жатқан ем-домнан еш нәтиже шықпағасын, дәрігерлер оны комадан шығару терапиясын тоқтатты.