«Елімізде Финляндия Парламенті спикерінің ресми сапары басталғанын хабарлаймын. Бұл сапар алтыншы наурызға дейін жалғасады», — деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, Финляндия Парламентінің спикері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс және Сенат төрағаларымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің бірқатар мүшелерімен кездеспек.
«Спикер сапарының негізгі мақсаты — екі елдің арасындағы байланыстарға жаңа серпін беріп, жаңа жобаларды кеңінен талқылауға арналған», — деді А. Әбибуллаев.