«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды.

  • 3 Наурыз 2014
  • 619
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясын беру үшін өткізілетін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 25 ақпан күнгі бұйрығы бойынша бекітілді. Соған сәйкес құжат қабылдау 2014 жылғы 3-наурыздан 30-мамырға дейін, 30-маусымнан 31-шілдеге дейін, 1-қыркүйектен 31-қазанға дейін жүргізіледі.

Стипендия беру жөніндегі конкурс 2014 жылдың 1-мамырынан 2015 жылдың 31-қаңтарына дейін созылады.


Сонымен қатар, бұйрықта 2014 жылғы халықаралық «Болашақ» стипендиясының жеңімпаздарын тілдік курстар бойынша оқыту ұсынылатын алдыңғы қатарлы шетелдік ЖОО, шетелдік ұйымдардың тізімі де берілген.