Қазақстан Украинадағы жағдайды күш қолдану арқылы реттеуден бас тартуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинадағы жағдайды күш қолдану арқылы реттеуден бас тартуға шақырды

Қазақстан Украинадағы жағдайды күш қолдану арқылы реттеуден бас тартуға шақырды

Қазақстан СІМ Украинадағы дағдарысты келіссөздер арқылы шешуге шақырды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.

  • 3 Наурыз 2014
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан барлық тараптарды дағдарысты реттеу барысында күш қолданудан бас тартуға және қалыптасқан проблемаларды келіссөздер арқылы шешуге күш салуға шақырды», — деді ол дүйсенбі күні Астанада өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, бұл шешім «халықаралық құқықтың іргелі принциптеріне негізделуі тиіс.


Сонымен қатар, ол Украинадағы жағдай жуық арада қалпына келеді деп үміт білдірді.