Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі басшысы қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасында көрсеткен нәтижелеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі басшысы қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасында көрсеткен нәтижелеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді

Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі басшысы қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасында көрсеткен нәтижелеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді

 Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі басшысы Тастанбек Есентаев қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасында көрсеткен нәтижелеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді.

  • 3 Наурыз 2014
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан құрамасының жетістіктері Ванкувердегі ойындардан төмен. Медаль жөніндегі жоспардың орындалмағанын айта кету керек», — деді ол. 

Т.Есентаевтың айтуынша, тау шаңғысы, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру сынды спорт түрлерінен көрсеткіштер төмендеген.

«Әсіресе, шаңғышылардың (тау шаңғысы) көрсеткен нәтижелері қынжылтты. Дайындық кезеңінде тәп-тәуір өнер көрсеткен олардан жақсы нәтижелер күткенбіз», — деді агенттік басшысы.

Қазақстан құрамасы Халықаралық олимпиада комитетінің есебінде 26-шы орынға тұрақтаған болатын.

Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова Спорт істері және дене шынықтыру агенттігіне ұлттық құрама командалардың алдағы халықаралық дүбірлі жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуына жағдай жасауды тапсырды.

«Спорт істері және дене шынықтыру агенттігіне ұлттық спорт құрамаларының 2014 жылы Қытайда өтетін 17-ші Азиада мен 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жоғары деңгейде дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді ол дүйсенбі күні ведомствоның алқа отырысында.


Сонымен қатар, Г.Әбдіхалықова облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне «қолданыстағы спорт нысандарын жаңартып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын және жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруды» тапсырды.