Үкімет бензин бағасының қымбаттап кетпесі үшін шұғыл қимылдауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бензин бағасының қымбаттап кетпесі үшін шұғыл қимылдауға кірісті

Үкімет бензин бағасының қымбаттап кетпесі үшін шұғыл қимылдауға кірісті

Енді елімізде Ресейден жанар-жағармай тасымалдайтын арнайы компания құрылады. Сөйтіп импорттық мұнай өнімдерін жеткізу бір  оператордың қолына тапсырылмақ.

  • 4 Наурыз 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz


Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі:

— Біз жыл сайын 2 миллион тонна импортпен әкеліп отырмыз. Оның ішінде бензин бар, ол АИ-95, АИ-96 және қысқы дизель бар.Соларға көзқарасымызды өзгертіп, жаңа механизм енгіземіз. Бір оператор болады. "ҚазМұнайГаз Өнімдері" деген. Иимпортты Ресейден сатып алып, әкелетін солар болады.

Себебі, елімізге бензин мен дизель отынының 40 пайызы Ресейден тасымалданады. Оның үстіне жанармай қорының  сәуір айында таусылатыны айтылған. Енді ішкі нарықта тапшылық туындамасы үшін Үкімет шұғыл шаралар қабылдауға көшкендей. Сондай-ақ, жанармай жеткізудің  арнайы кестесі құрылып, оның құнын ай сайын белгілеп отырмақ. Баға мұнайдың әлемдік бағасына байланысты анықталады. Қазір елімізде АИ-80 маркалы бензин  – 89 , АИ-92 – 115, дизель отыны  — 102 теңге тұрады.  Шенеуніктер бұл  баға «жазға дейін өзгермейді» деп уәде беріп отыр.