Ресми Астана Украинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресми Астана Украинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Ресми Астана Украинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Ал ресми Астана Украинадағы жағдайға қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Бүгін еліміздің Cыртқы істер министрлігі Қырымдағы қақтығысты қару қолданбай , бейбіт жолмен шешуге шақырды. Айта кетсек, Ресейдің Қырым аймағына әскерін кіргізуі ахуалды одан бетер ушықтырып жіберді. Ал сондағы отандастарымыздың өміріне қауіп төнсе, елге эвакуациялануы мүмкін.

  • 4 Наурыз 2014
  • 265
Фото - Caravan.kz


Жанболат Үсенов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Қазақстан барлық тараптарды жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың фундаменталды қағидаттарына негізделуі тиіс.