Forbes тізімінде қазақтар бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Forbes тізімінде қазақтар бар ма?

Forbes тізімінде қазақтар бар ма?

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі  ең бай адамдардың  тізімінде бірінші орынға жайғасты, - деп  жазады Forbes журналы. 

  • 4 Наурыз 2014
  • 942
Фото - Caravan.kz

Соңғы төрт жылда атақты тізімде көш бастап тұрған мексикалық магнат Карлос Слимнің  қаражаты 2013 жылы $1 млрд-тан $72-ге құлдилаған.

 Билл Гейтс байлығының бағалануы өткен жылы $9 млрд-тан $76 млрд-қа дейін өскен. 

"Қола" жүлде  77 жастағы  Inditex  компаниясының акционері (Zara бренді)  Амансио Ортега, оның байлығы $7 млрд-тан  $64 млрд-қа  артқан.  

Ал төртінші орын былтырғыдай Уоррен Баффетке бұйырды — $58,2 млрд.

Ал ең үлкен нәтижеге қол жеткізген — Марк Цукерберг. Facebookтің қожайынының  байлығы $13,3 млрд-тан  $28,5 млрд-қа жеткен.  (21-орын).

Ал ең бай ресейліктердің тізімінде көш бастап тұрған  Алишер Усмановтың қаржысы $18,6 млрд-тан  40-орынға тірелді. (былтыр  $17,6 млрдымен 34-орында болған).

Ал  одан сәл жоғарырақ Лен Блаватник ($18,7 млрдымен 39-орында), бірақ Ресеймен жақын қарым-қатынаста болғанымен, ол  АҚШ азаматы.

 Л.Блаватник сияқты Кеңес Одағында туған тағы бір тұлға — Сергей Брин ( Google)   $31,8 млрд, 19-орында, алайда ол АҚШ-қа ата-анасымен  алты жасында кетіп қалған болатын.

Бұрынғы Кеңестер одағы дәуірінен Forbesтың бірінші жүздігінде Михаил Фридман (47-орын,


$17,6 млрд), Виктор Вексельберг (51-орын, $17,2 млрд), Владимир Лисин (53-орын, $16,6 млрд),

Леонид Михельсон (57-орын, $15,6 млрд), Геннадий Тимченко (61-орын, $15,3 млрд), Вагит Алекперов (76-орын, $13,6 млрд), Владимир Потанин (86-орын, $12,6 млрд), Ринат Ахметов (88-орын, $12,5 млрд), Андрей Мельниченко (97-орын, $11,4 млрд) и Герман Хан (100-орында, $11,3 млрд).

Ал екінші 100-дікте — Михаил Прохоров ($10,9 млрд),

Алексей Мордашов ($10,5 млрд), Сергей Галицкий ($10,3 млрд), Роман Абрамович ($9,1 млрд), Владимир Евтушенков ($9 млрд), Дмитрий Рыболовлев ($8,8 млрд), Алексей Кузьмичев ($8,8 млрд), Андрей Скоч ($8,2 млрд), Сулейман Керимов ($6,9 млрд).  $6,5 млрд-қа  Forbes баға бергендер — Олег  Дерипаска  мен Леонид Федун.

Жалпы  Forbes  әлемде ең дәулетті 1645 миллиардерлерді  жинаған екен. Олардың ішінде жаңа келгендер 268 —  тіптен көп!  Олардың барлық қаржысын қосқанда — $6,4 трлн шығып тұр, бұл  былтырға қарағанда $1 трлн-ға көп.  

Сонымен, байлығы $1 млрд-тан асқан бақыттылар АҚШ-та (492), содан кейін Қытай (152)  және Ресей (111).

Ал бұл атақты тізімде тұңғыш пайда болғандардың бірі африкандық кәсіпкер — Алико Данготе (Нигерия, $25 млрд, 23-орында).  Алико тіпті рынок алпауыты Джордж Сорос (25-орында)  пен Карл Иканды (24-орын) шаң қаптырып кетті, — деп жазады Форбс журналы.