Қорғаныс министрлігінде тағы жемқорлық дауы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігінде тағы жемқорлық дауы

Қорғаныс министрлігінде тағы жемқорлық дауы

Қорғаныс министрлігінде кезекті дау! Бұл жолы ведомстваның бірнеше жоғары лауазымды шендісі әскери бөлімдерге сапасыз қару жарақ- жеткізумен айналысқан. Сөйтіп ауыз жаласқан кәсіпкерге тендерді ұтып беріп,  бюджет қаржысына «қол салған» деп айыпталып отыр. 

  • 5 Наурыз 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Қазынаның қаржысына сатып алынған қару-жарақтар мен жарылғыш заттар мына жерде дайындалыпты. Бір күдік тудырғаны мекеменің атауы еш жерге жазылмаған. Қорғаныс министрлігінің шенділері дәл осы аты да, заты да, беймәлім фирманың шығарған қару-жарақтарын еліміздің әскери бөлімдеріне өткізіп отырған. Ал офицерлер оның «сапасы жоғары» деп қолхат жазыпты. Тіпті жеке серіктестің қару-жарақпен айналысуға лицензиясы да жоқ. Тергеу материалдарына сүйенсек, жарылғыш заттар арнайы зертханада емес, шошқа фермасында сақталып келген. Дегенмен қазынаға қол сұққан шенділердің есімі әзірге аталмай отыр. Бастарына қара бұлт үйірілген жеке серіктестік те мұны «жала» дейді.


Қайратхан Қадірханов, "Алма ДК" ЖШС заңгері:

-Бізде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі берген лицензиямыз бар. Жарылғыш заттар мен қару-жарақтардың сапасын әскери бөлімдердің өздері тексеріп алады. Бірде-бір айыпты мойындамаймыз.