Қарағандыда бесінші қабаттан секірген курсантты қатарластары зорламақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бесінші қабаттан секірген курсантты қатарластары зорламақ болған

Қарағандыда бесінші қабаттан секірген курсантты қатарластары зорламақ болған

Қарағандыдағы әскери мектеп курсантының бесінші қабаттан секіруіне қатарластарынан зәбір көруі себеп болған. Ауруханада бір аптадан кейін есін жиған ол, қасындағыларының  «өзі секіріп кетті» деген түсініктемесін жоққа шығарды.

  • 5 Наурыз 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz

Шыңғыс Амангелдиев ақпанның 24-не қараған түні курстасының пәтеріндегі балконнан секіріп кеткен болатын. Іш құрылысы мен жамбасы жарақаттанып, екі аяғы үсіген курсант, енді ғана тілге келіп түсінік бере бастады. Айтуынша,3 курстасы мен бейтаныс 3 жігіт түнде есірткі шеккен. Кейін өзін оятып алып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлепті. Қорлыққа шыдамаған ол балконға бір-ақ қарғыған. Осыған дейін куәгерлердің айтқанына сүйеніп келген полиция «адамды өзіне қол жұмсауға күштеді» деген баппен енді ғана іс қоғапты. Әскери мектеп басшылығы да тілшілерден тілдесуден қашып жүр. Өйткені жәбір көрген жігіт күдіктінің бірі мектеп бастығының туысқаны екенін айтқан.


Аманбек Жасаров, Шыңғыстың әкесі:  

-Бір бала училище бастығының  туысқаны, екіншісі Тараз жақта бір полковниктің ұлы, үшіншісі майордың баласы екен. Мен өзім ойлаймын солар тергеудің  барлығын тіреп отырған.