8-наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8-наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, күн суытады

8-наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, күн суытады

«Қазгидрометтің» болжамынша, 8-наурыз мерекесі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, қар жауады.

  • 5 Наурыз 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда көктем құбылмалы ауа райымен басталады. Жуырда ел аумағындағы антициклонның орнын Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігінде қалыптасқан циклон басады», — делінген хабарламада.

Осы циклон еліміздің солтүстігінде ауа райының алдымен жылынып, кейін суытуына түрткі болмақ.

«Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің қуаты секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күн суытады», — деп болжайды синоптиктер.

Ал, еліміздің оңтүстігіне Каспийде қалыптасқан ылғалды әрі жылы циклонның ықпалы басым болады.


«Сол себепті оңтүстік облыстарда жауын мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі. Ал  8-наурыз мерекесінде өкінішке орай, негізінен қар жауады. Күн суық болады», — делінген хабарламада.