деп Укаринаның бас консулы Сергей Бобошко мәлім етті.
«Алматыдағы консулдық бұрынғы режим бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның да, Украинаның да, өзге елдердің де азаматтары қызмет көрсетілуде. Бұл оқиға бізге кері әсер еткен жоқ», — деді ол сәрсенбі күні журналистерге Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеште.
«Қазақстандықтар Украинаға, украиндықтар Қазақстанға барып-келіп жатыр. Украинада жаппай көшу немесе қашу атымен болған жоқ», — деді С.Бобошко.
Бас консул қиын сәтте Украинаның егемендігін сақтап қалуға барынша қолдау білдіргені үшін Қазақстан азаматтарына алғыс білдірді.