Шымкентте 7-ші қабаттан құлаған әйел аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 7-ші  қабаттан құлаған әйел аман қалды

Шымкентте 7-ші қабаттан құлаған әйел аман қалды

Шымкентте төсек жаймасы арқылы 7-ші қабаттан жерге түспекші болған келіншек оңбай құлады. Қауіпті қадамға барған әйел аман қалғанымен, ауыр жарақат алып ауруханаға түскен.

  • 6 Наурыз 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz


7-ші қабатта пәтер жалдап тұрып жатқан 24 жастағы келіншек Қырғызстан азаматшасы екен. Сауда-саттықпен айналысу үшін күйеуі мен ұлы үшеуі Шымкентте келіпті. Жолдасы есікті бекітіп кеткендіктен, 5-ші қабатқа   түсуге бел буған. Бірақ, шиыршықтаған шүберегі үзіліп кетіп, бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлапты. Қазір, ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жуырда төсектен тұруы екіталай дейді.