Nokia ұялы телефондарды билеу арқылы қуаттандыруды ұсынды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Nokia ұялы телефондарды билеу арқылы қуаттандыруды ұсынды (ВИДЕО)

Nokia ұялы телефондарды билеу арқылы қуаттандыруды ұсынды (ВИДЕО)

Nokia компаниясы YouTube бейнехостингінде смартфонды билеу арқылы қуаттандыруға болатынын көрсететін бейнеролигін жариялады, деп хабарлайды lenta.ru.

  • 6 Наурыз 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл роликте бойжеткен Nokia зертханасынан ерекше қуаттандыру көзін — қалыңдығы жұп-жұқа екі құрылғыны алып, оның бірін білегіне, екіншісін — аяқ киіміне қадайды.

Көшеде, метрода билей жүріп ол өзінің смартфонын қуаттандырады. Алайда, бұл тәсіл аса тиімді емес тәрізді, себебі жарты күн бойы тынбастан билеген қыз оны небәрі 25 пайызға ғана қуаттандыра алды.

Бірақ, бойжеткеннің Nokia 1520 смартфоны аккумуляторының жоғары сыйымдылығымен ерекшеленеді, ол сағатына 3400 миллиамперді құрайды. Сыйымдылығы төменірек батареялар бұдан жылдамырақ қуаттандырыла алады.

Аталмыш роликте көрсетілген қуаттандырғыш Nokia-ның зерттеу бөлімінде жасалған. Компания әзірге адамның биінен қуат алатын қуаттандырғышты сериялық өндіріске шығаратыны туралы мәлім еткен жоқ.