Алматы облысында арзан бағамен екі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында арзан бағамен екі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Алматы облысында арзан бағамен екі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Талдықорғанда жеңілдікті бағамен 40 пәтерлі екі тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ.

  • 6 Наурыз 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Тиісті келісімшарт облыстық әкімдік пен банк арасында «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жасалды.

«Тұрғын үйлер Алматы облысы Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында орналасады. Шаршы метрі 90 000 теңгемен барлығы 80 пәтер сатылатын болады», — делінген хабарламада.

Тұрғын үй 2014 жылы 30 қарашада пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Банктің хабарлауынша, үміткерлерден құжат қабылдау 2014 жылдың 2 маусымынан тамыз айына дейін созылады.