Канада Ресей мен Янукович режімінің өкілдеріне қарсы санкция енгізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канада  Ресей мен Янукович режімінің өкілдеріне қарсы санкция енгізуде

Канада Ресей мен Янукович режімінің өкілдеріне қарсы санкция енгізуде

Канада билігі Украинадағы жағдайға байланысты Мәскеуге және Украина үкіметінің бұрынғы мүшелеріне қатысты шектеу шараларын қабылдау туралы мәлімдеді,

  • 6 Наурыз 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

деп бүгін ЭФЭ агенттігі мәлімдеді.

«Мен Канада мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарды ілгерілету үшін құрылған ресей-канада үкіметаралық экономикалық комиссияға қатысуды тоқтататынымызды жариялаймын», — деп Канада үкіметінің басшысы Стивен Харпер бүгін парламентте мәлімдеді. Ол Канаданың Ресейге қарсы дәл қандай санкциялар енгізетінін нақтыламады.

Ол Виктор Янукович режімі өкілдерінің активтеріне де тыйым салынатынын айтты.


С.Харпер Киевтің өтініші бойынша Канада Украинадағы жағдайды бақылау үшін ЕҚЫҰ миссиясының құрамында Қырымға екі әскери бақылаушы жіберетінін айтты.