Ел мектептерінде тәуелсіз мониторинг зерттеу басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел мектептерінде тәуелсіз мониторинг зерттеу басталады

Ел мектептерінде тәуелсіз мониторинг зерттеу басталады

ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау ортылығы 1-30 сәуір аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау» тәуелсіз мониторинг зерттеуін жүргізеді.

  • 6 Наурыз 2014
  • 662
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, компьютерлік форматта «Математика», «Жаратылыстану» және «Оқу сауаттылығы» бағыттары бойынша тестілеу зерттеуге қатысушы 9-сынып оқушыларынан, мектеп директорларынан, мектеп мұғалімдерінен сауалнама алумен бірге жүреді.

Зерттеуге барлығы 5 040 адам қатысады екен, олардың ішінде мектеп директорлары — 96, пән мұғалімдері — 944, жалпы білім беретін мектептегі 9-сынып оқушылары — 4 000.

9-сынып оқушыларының білім жетістіктерінің қорытындылары 2014 жылғы шілдеде барлық қатысушыларға хабарланады. Сонымен бірге қатысушы мектептерге зерттеу жабдықтары беріледі.