«Кез келген жағдайда олай болмайды. Бұл мүмкін емес», — деп РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Василий Небензя «Интерфакс» агенттігіне мәлімдеді.
«Біз ғана емес, Батыстағылар да Украинаның НАТО-ға кіруі Ресей үшін нені білдіретінін түсінеді», — дейді ол.
Оның пікірінше, Украина бейтарап қалады.
«Қазір де, болашақта да Украинаның НАТО-ға кіргенін мүлде елестете алмаймын», — деп ол журналистерге атап көрсетті.
Украинадағы саяси дағдарыстан шығу келіссөздер мен диалог арқылы жүзеге асырылуы тиіс.