Футболдан еліміздің жастар құрамасы Исландияны ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан еліміздің жастар құрамасы Исландияны ұтты

Футболдан еліміздің жастар құрамасы Исландияны ұтты

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Литвамен тең ойнады. Жақында тағайындалған бас бапкер Юрий Красножан үшін бұл тұңғыш матч болатын.

  • 7 Наурыз 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz

Түркияда өтен бәсекені Литвалықтар сәтті бастады. Не бары 4-ші минутта бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Гедиминас Вичус есеп ашты. Үзіліске дейін қос команданың да тамаша мүмкіндіктері болды. Алма кезек шабуылмен өткен екінші таймда қазақстандықтар таразы басын теңестірді. Сол қапталмен өрбіген шабулған нүкте қойған Нұрбол Жұмасқалиев. Қалған уақытта есеп өзгермеді. Кездесу соңында өз пікірімен бөліскен бас бапкер Юрий Красножан болашақта қорғаныстағы қателіктермен жұмыс істейтінін жеткізді.           

      Ұлттық құрама футболшылары тең ойын көрсетсе, жастарымыз жарады. Астанада 21 жасқа дейінгі футболшылар 2015-ші жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландияны 3:2 есебімен жеңді.

Матчты ширақ бастақан отандастарымыз 7-ші минутта көзге түсті. Исландиялық қақпашының өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Тоқтар Жаңғылышпай Станислав Лунинге пас шығарып үлгерді. Қақпа алдында жалғыз тұрған ол мүлт кетпеді. Көп ұзамай қонақтар қақпасына екінші гол да соғылды. Бұл жолы көрермендер Роман Мұртазаевтың шеберлігіне тәнті болды. “Шахтер” шабуылшысы айып алаң сыртынан қақпаның тоғыздығын дәл көздеген болатын. Екінші таймда арқаны кеңге салған құрамамыз екі рет исландия шабуылшыларынан көз жазып қалды. Стадионға жиылған жұр үйреншікті сценарий қайталанды деп сан соққан. Бірақ нағыз жигерлік көрсеткен құрамамыз соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті. Әзірге біздің жігіттер турнир кестесінде 9 ұпаймен 3-ші орында.   


Континентальдық «Астана» велоклубының шабандоздары , көпкүндік Вуэльта Мехико велододасын сәтті бастады.    Алғашқы кезеңде  Тілеген Майдос пен Виктор Өкішев  үздік ондықтан орын тепсе, келесі күні  Мақсат Аязбаев ерледі.

Бұл күні  велокеруен  144,8 шақырымдық жарыс жолын артқа тастады.  Мексикалық велошабандоз Игнасио Прадомен үзеңгі қағыса жарысқан Мақсат Аязбаев мәре сызығын екінші қиды. Бүгінгі кезеңдегі үздік үштікті Виктор Мануэль Гарсиа түйіндеді. Мексикадағы көпкүндікте  Астана сапында сегіз шабандоз өнер көрсетуде. Олар- Мақсат Аязбаев, Нұрболат Құлымбетов, Тілеген Майдос, Жандос Байжігітов, Виктор Өкішев, Бақтияр Қожатаев, Сергей Шемякин ( бәрі Қазақстаннан) және италиялық Марко Бенфатто. Алты кезеңнен тұратын  көпкүндік  9- наурызға дейін жалғасады.