«Бізде офицерлерді, әсіресе, жоғарғы құрамдағы офицерлерді даярлайтын жүйе болған жоқ. Біз оларды үнемі шетелде даярлай алмаймыз ғой. Біз оларды Қазақстанда дайындауымыз керек», — деді Н.Назарбаев бейсенбі күні Қорғаныс министрлігінде өткен кеңесте.
«Әскери оқу орындарын заманауи қондырғылармен жабдықтап, отандық педагог мамандар даярлауды әрі қарай жалғастыруымыз керек. Олар өзге елдердің кадрларынан кем болмайды. Биыл Ұлттық қорғаныс университеті іске қосылады деп үміттенемін. Оның түлектері Қазақстан армиясының мақтанышына айналуы тиіс», — деді мемлекет басшысы.