Путин мен Обама телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады – Кремль - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин мен Обама телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады – Кремль

Путин мен Обама телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады – Кремль

РФ президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.

  • 7 Наурыз 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшылары Украинадағы жағдайды ортаға салды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметінен.

Әңгіме америкалық  тараптың мұрындық болуымен өткізілген.

«Ресей президенті әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей-Америка қатынастарының маңыздылығын атап өтті. Бұл қатынастар халықаралық маңызы болса да, жекелеген проблемаларға қатысты пікір алшақтығының құрбанына айналмауы тиіс, деді В.Путин», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшыларының уағдасы бойынша, екі елдің Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Джон Керри жан-жақты байланыстарды әрі қарай жалғастыратын болды.