Астанада қарсылық шарасына қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылмайды – полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қарсылық шарасына қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылмайды – полиция

Астанада қарсылық шарасына қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылмайды – полиция

Астанада қарсылық шарасы барысында ұсталған балалы әйелдердің әрекетін елорданың білім басқармасының профилактика жөніндегі кеңесі қарастырады.

  • 7 Наурыз 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті мәлімдеді.

«Кеше олар аудандық ішкі істер департаментіне жеткізілді, содан кейін материал жиналғаннан кейін үйлеріне қайтарылды. Кәмелетке толмаған балалар ата-аналарына қолхатпен берілді. Бұл мәселе профилактика жөніндегі кеңесте қаралады», — дейді ІІД.

Полиция мәліметіне сәйкес, акцияға қатысушылар жөніндегі материалдар білім басқармасына беріледі. Олар әкімшілік жауапқа тартылмайды.

Кеше елу шақты әйел балаларымен бірге Астанада қарсылық шарасына шықты. Оларды полиция ұстап әскетті. Әйелдер елордадағы кешендердің біріндегі пәтерлерінен өздерін шығарып тастауға қарсы шығуда.