Мерекелік шараны ұйымдастыруға Жастар саясатын дамыту қоры мұрындық болған. Студент жастар анаға құрметті осындай ерекше жолмен жеткізді. Құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетін «мама» деген сөзді жазуға 12 мыңнан артық қағаз гүлдер мен раушанның миллионнан артық күлте жапырақтары пайдаланылған. Қағаз гүлдерді жасауға 500-ден аса адам жұмылдырылыпты.