Министр Божко тасқын судан зардап шеккен Қызылорда облысына енді жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Божко тасқын судан зардап шеккен Қызылорда облысына енді жетті

Министр Божко тасқын судан зардап шеккен Қызылорда облысына енді жетті

Сырдарияның сағасын бекіту үшін 2 млрд теңге қажет. Бүгін Қызылорда облысының әкімдігі Үкіметтен қосымша қаражат сұрады. Аймақ басшыларының бұл бастамасын Төтенше жағдайлар министрі де қолдап отыр. Владимир Божко қары еріп, қызыл суы көтеріліп жатқан өңірдегі ахуалды көруге келген болатын. Үйлерінің іргетасы бекіткен тұрғындарға министр алғыс айтты.

  • 8 Наурыз 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz


Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

— Көктем Қызылорда мен солтүстік өңірлерге әлі келген жоқ. Сондықтан босаңсуға болмайды. Ал қызылордалықтардың үй іргетасын берік орнатқанына рахмет. Олай болмағанда апаттан зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болар еді. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 1540 үйдің бір мезетте шайылып кету себептерінің бірі осы.

Дегенмен Сыр өңіріндегі жағдай әлі де тұрақтана қоймаған. Себебі қалыңдығы жарты метрден асатын мұз бен жауын-шашынның үлкен көлемі аймаққа қауіп төндіруі мүмкін. Апта басында мамандар 6 жарым мың тонна жарылғыш заттың көмегімен мұзды жару жұмыстарын бастап кеткен. Бірақ Сырдария өзені Қызылордадан бастап Аралға дейін әлі мұзы ерімей, сіресіп жатыр. Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы барысында ескі және жаңа каналдардың орналасуы дұрыс ескерілмегені анықталып отыр. Сондықтан автобанның кейбір тұстарын қайта жобалау қажет. Ал құтқарушылар Жаңақорғаннан су кетіп, жер қарайғанша сол маңнан кетпеу туралы бұйрық алды.