Шымкентте жерін даулағандар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жерін даулағандар шу шығарды

Шымкентте жерін даулағандар шу шығарды

Бүгін Шымкентте де бір топ тұрғын наразылық білдірді. Әкімдіктен әділет іздеп келгендер жер даулап жүр.

  • 8 Наурыз 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

Айтуларынша, 1200-дей адам өздеріне тиесілі жерге мемлекеттік шешім ала алмай жүр екен. Бірнеше жыл өндірістік кооперативте жұмыс істеген азаматтардың қалалық әкімдік жерін сұрап, өтеуіне саяжайдан орын берген. Әкімдіктің құжатсыз құр уәдесіне сенген тұрғындар кейін сол ұсынған жерге үй сала бастағанда, прокуратура өкілдері келіп, бұларың заңсыз, жерді босатыңдар депті. Бес жыл бойы қалалық шенділермен келісе алмағандар, енді облыстық әкімдіктен әділдік сұрап келген.


-Участкелер беріліп жатты. Біз сосын бала-шаға болған соң жер алдық. Ал, ол жерлерде біздің бала-шағамыз үй салып алған. Құжаты жоқ. Бала-шаға қайда барарын білмейді. Ал, емханаға барсақ: сіздер бізге қарамайсыздар деп, бір-біріне лақтырады. Сонда біз ауырып жатсақ, қырылып жатсақ ешкім қарамайма бізге???