Қашағанды ластаған шетелдік компанияларға ірі көлемде айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанды ластаған шетелдік компанияларға ірі көлемде айыппұл салынды

Қашағанды ластаған шетелдік компанияларға ірі көлемде айыппұл салынды

Қашағанды игеріп жатқан мұнай өндіруші алпауыттар қоршаған ортаны бүлдірген! Экологтар ауаны шектен тыс ластағаны үшін «Аджип»  және "Ncoc" компанияларына 134 миллиард теңге айыппұл салды.

  • 8 Наурыз 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz


Былтыр Қашаған кен орнынан «Болашақ» газ және мұнай өңдеу зауытына тартылған құбыр жарылып, апат болған еді. Ал, ауаға жайылған ілеспе  газдың қалдығын «Аджип» және "Nсoc" компаниялары арнайы құбырлары арқылы жағып жіберген. Салдарынан ауаға бөлінген улы газ бірнеше есеге артқан. Енді экологтар табиғатқа келген шығынды 134 миллиардқа бағалап отыр. Айта кету керек, дәл осы апаттың салдарынан қыруар қаржы жұмсалған Қашағанда мұнай өндіру тоқтап тұр. Жалпы, қойнауында жобамен 35 миллиард баррель мұнайы бар кен орнын игеруге АҚШ, Италия, Франция мен Жапонияның онға жуық алпауыт компаниялары қатысуда.