2014 жылы Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаржы көлемі 100 млрд теңгеге артпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаржы көлемі 100 млрд теңгеге артпақ

2014 жылы Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаржы көлемі 100 млрд теңгеге артпақ

2014 жылы девальвацияға байланысты Ұлттық қордан республика бюджетіне аударылатын қаржы 100 млрд теңгеге артып, трансферттің жалпы көлемі 1 трлн 480 млрд теңгеге жетпек.

  • 11 Наурыз 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Доллар бағамының 185 теңгеге дейін өзгеруіне байланысты 2014 жылы Ұлттық қордан 1 трлн 480 млрд теңге траснферттеледі. Бұл бюджетте бекітілгеннен 100 млрд теңгеге артық», — деп сейсенбі күні үкіметте 2014 жылдың бюджетіне енгізілген түзетулермен таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Бұрынғы жоспар бойынша, 2014-2016 жылдары бюджетке 1 трлн 380 млрд теңге аударылуы тиіс болатын.